Елордада бірқатар жаңа денсаулық сақтау нысандарын ашу жоспарлануда

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша елордада денсаулық сақтаудың бірқатар жаңа нысандарын ашу жоспарлануда. Олар - сол жағалаудағы 500 адам қабылдайтын амбулаториялық-емхана кешені, 250 төсектік балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы, 150 адамдық емханасы бар 250 төсектік медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, ауысымына 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, сондай-ақ, ауысымына 150 бала қабылдайтын емхана. Бұл туралы Аstana.kz сайтынан хабарланды.

 Елордада бірқатар жаңа денсаулық сақтау нысандарын ашу жоспарлануда

«Денсаулық сақтау мен ұлт денсаулығы біздің келешегіміздің негізі болып табылады. Мұны өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткен болатын. Еске салайық, Астанада соңғы 2012 жылдың 1 желтоқсанында ашылған медицина нысаны - ауысымына 500 адам қабылдайтын жаңа амбулаториялық-емхана кешені болып табылады», - делінген хабарламада.