Елордада бірнеше елдің жас әртістері өнер көрсетуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ubuntu» халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы конкурсының және «Capolavoro di dombra 2018» қазақ ұлттық халық аспаптары фестивалінің жас әртістері елордалық көрерменнің көңілінен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Астана қаласының 20 жылдығы мен Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған фестивал-конкурс екі күн бойы өтуде. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен, сонымен қатар Қырғызстан, Армения және Қытайдан 5-пен 24 жас аралығындағы жас орындаушылар, вокалдық ұжымдар, ансамбльдер мен оркестрлері, театр студиялары қатысты.null

«Бұл байқауға Қарағанды облысының Қарқаралы қаласы атынан қатыстым. Домбырамен халық әндерін айтып жүргеніме 8 жыл болды. Бұған дейін бірақатар байқауда бас жүлде алып, жүлдегер атанған едім», - деді Алена Берғазықызы.null  

Ал 16 жастағы Аружан Қуандық мұндай байқаудың жас дарындарға берері мол екендігі атап өтті.null

«Қобызбен айналысқаныма болды. Бұл байқауға жеңу, тым болмағанда жүлделі орындарға ілігу үшін келіп отыр. Байқау өте жақсы өтіп жатыр, оған талантты жастар қатысты», - деді ол. null 

Соңғы жаңалықтар