Елордада бірнеше нысанға «бомба қойылды» деген жалған ақпарат тарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше нысанға бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Бүгін «102» арнасына «My car» және «Lexus» автосалондарының, сондай-ақ «Хан Шатыр» және «Mega Silk Way» сауда және ойын-сауық орталығының электронды мекенжайына жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабар келіп түскен», - дейді полиция департаментінен.

Хабарламада айтылғандай, қазір жедел қызмет аталған нысандарды тексерумен айналысып жатыр.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауап көзделетінін ескертеді.

«Азаматтардан дүрбелең тудырмай, өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар