Елордада бірыңғай медициналық ахуал орталығы құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау басқармасы «Смарт медицина» шеңберінде бірыңғай ахуалдық орталық құруды көздеп отыр. Бұл онлайн режимінде қалалық медициналық мекемелердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
None
None

«Денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде бірыңғай ахуалдық орталық ашу жоспарда бар. Бұл онлайн режимінде қаладағы медициналық мекемелерде не болып жатқанынан хабардар болуға мүмкіндік береді. Осы арқылы емханалар мен ауруханалардағы жүктемені біліп, медициналық қызметкерлердің жұмысын бақылай аламыз», - деді елордалық мәслихатта өткен депутат күнінде баяндама жасаған Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Камалжан Надыров.

Оның айтуынша, бірыңғай ахуалдық орталық арқылы дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры мен басқа да ресурстарды қадағалап отыруға болады.

Айта кетейік, елордада «Смарт медицина» жобасы талқыланып жатыр. Аталған бағдарлама дәрігерлердің қағазбастылығын 30 пайызға азайтуға мүмкіндік береді деп жоспарланған. Бұған қоса пациенттердің медициналық картасының электронды түрде жүргізіп, сәйкесінше азаматтар бір медициналық мекемеден екіншісіне ауысқанда ол туралы барлық мәліметтер бірге ауысатын болады.

Соңғы жаңалықтар