Елордада биыл ашылған мектептердің барлығы дерлік қазақ тілінде - О.Асанғазы

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Биыл елордада ашылған мектептердің барлығы дерлік қазақ тілінде.

Елордада биыл ашылған мектептердің барлығы дерлік қазақ тілінде - О.Асанғазы

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде өткен «Мемлекеттік тіл мәртебесі: бүгін және ертең» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысында қалалық Тіл басқармасының төрайымы Оразгүл Асанғазы осылай мәлім етті.

Ол қалада қазақ мектептері санының артып отырғандығын жеткізді. «Астанадағы қазақ мектептерінің елордадағы көрсеткіші орыс сыныптарынан оқ бойы озық, яғни Астана қаласында кез келген ата-ана, кез келген ұлттың өкілі өз баласын қазақ мектебіне бере алады, беріп те жатыр. Мысалы, 49-шы мектепте Ангелина есімді қызымыз оқиды. Оның әкесі де, шешесі де бірауыз қазақша білмейді. Бірақ Ангелинаның өзі оқу озаты, домбырада ән салады. 40-шы мектепте Иван деген бала қазақшаға судай. Осы балаларды қазақшаға үйреткен мұғалімдерге мың да бір рахмет», - дейді О.Асанғазы.