Елордада бизнес орталықтары жанындағы тұрақтардан шлагбаумды алып тастау қажет - Шыңғыс Досыбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бизнес орталықтары жанындағы тұрақтардан шлагбаумдарды алып тастау қажет. Мұндай ұсынысты «Астана көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-ның директоры Шыңғыс Досыбаев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Олар (бизнес орталықтары) көлік тұрағы аумағын шлагбауммен жауып алып, арнайы тізім әзірлейді және өздерінің басымдыққа ие қонақтарына рұқсатпен кіру техникалық шешімін жасап алған. Ал бұл көшелердің жол желісінде көлік коллапсын туындатады. Бизнес орталықтың басым бөлігі жұрт көп жиналатын жерде шоғырланған және келген адамдар кіре алмай жатады. Соның кесірінен «Нұржол» желекжолындағыдай көлік кептелесі орын алады. Айталық, «Эмиральд Тауэр» ғимараты мемлекет жеріне шлагбаум жүйесін енгізіп, әр көліктен 150 теңге алып отыр. Ал біз қаланың барлық тұрғынына бірдей жағдай жасағымыз келеді», - деді ол астананың кәсіпкерлер палатасы отырысында.

Оның атап өтуінше, дәл осындай жағдай «Марден» бизнес орталығында орын алған.

«Олар да шлагбауммен жауып алған. Соған байланысты адамдар көліктерін Бейбітшілік пен Сейфуллин көшелерінде екінші қатарға қойып кетуге мәжбүр. Біз бұл шлагбаумдарды алып тастап, бүкіл қалада жұмыс істеп тұрған заманауи ақылы тұрақтарды орнатуды ұсынамыз», - деді Шыңғыс Досыбаев.


Фото: rtiger.com



Соңғы жаңалықтар