Елордада бокстан Лондон олимпиадасының 25 лицензиясы сарапқа салынады

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - 5-12 сәуір күндері елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде АИБА-ның Азия олимпиадалық біліктілік турнирі өтеді, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
None
None

Бүгінгі таңда сары құрлықтың 29 елі аталған турнирге қатысатындығын қуаттап отыр. Олар Лондон олимпиадасына жол ашатын 25 лицензия үшін бақ сынайды.

ҚР Ұлттық құрамасының еншісінде бүгінгі күні 6 олимпиадалық лицензия бар. Сондықтан да бұл турнирде еліміздің былғары қолғап шеберлері төрт салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығады. Сонымен байрақты бәсекеде ел намысын 49 келіде Біржан Жақыпов, 52 келіде Ілияс Сүлейменов, 64 келіде Данияр Елеусінов, 91 келіде Василий Левит қорғайды.

Соңғы жаңалықтар