17:43, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Елордада бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Чемпионат 15-16 жас аралығындағы боксшылар арасында өтуде. Қазақстанның барлық өңірлерінен және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 239 жас спортшы қатысуда. Жарыс нәтижесі бойынша Арменияда өтетін Әлем біріншілігіне қатысуға баратын ұлттық құрама жасақталмақ», - дейді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, чемпионаттың бас төрешісі, спорт шебері Елеусіз Дүйсенов.Бәсеке наурыздың 8-і күні аяқталады. Шараның ұйымдастырушылары ? Астана қаласының Бокс федерациясы, Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті.