Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды

АСТАНА.KAZINFORM – Астанада «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі аясында өтіп жатқан Phygital Sports Summit Astana 2026 форумы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Іс-шараның ашылуында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, фиджитал спорттың жаһандық спорт индустриясындағы орны мен оны дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Ербол Мырзабосынов
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Саммитке Біріккен Араб Әмірліктерінің спорт министрі Ахмед Бельхул Әл Фаласи, Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев, Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, Әзербайжан Республикасының жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь Республикасының спорт министрі Сергей Ковальчук, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері, технологиялық компаниялар мен түрлі елдердің сарапшылары қатысып жатыр.

Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Саммит бағдарламасы аясында фиджитал спортты дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту, цифрлық технологиялар, инновациялар және спорт индустриясының болашағына арналған панельдік сессиялар өтеді.

Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Phygital Sports Summit Astana 2026 тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және фиджитал қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды халықаралық алаңға айналмақ.

Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Айта кетейік, «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына бірқатар мемлекет басшылары қатысады.

Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі