Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 26 тамыз күні «Astana mall» ойын-сауық орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде елорданың 20-ға жуық мекемесі мен кәсіпорындары бос орындарды ұсынады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, тамыздың 26 күні өтетін кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде қала тұрғындары үшін 300 жуық қызмет түрі ұсынылады. Щара барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша кеңестер беріп, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік бос жұмыс орындар мен еңбек ақысы төленетін қоғамдық жұмыстар туралы баяндайды.