Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 шілдеде «Жастар» сарайында елорда әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ашық жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне елорданың 100-ден астам жұмыc берушісі жиналып, 3 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 1000-нан астам жұмыс іздеуші қатысты.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 900 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 99 адам - әлеуметтік жұмыстарға, 1 861 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілген болса, қалған 940-тан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.