Елордада бірнеше автобустың маршруты өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін хабарлады.

Автобус Астана
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 35, 36, 45, 62 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс схемасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар. 

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Мұның алдында № 10, 12, 51 бағдарларының қозғалыс сызбасына Мәңгілік ел даңғылы бағытында Қабанбай батыр даңғылы бойында жаңа «Aq Jol» ТК аялдамасы («Авиатор» және Жаңадария көшесі арасында) қосылған еді.