Елордада біржақты көшелер саны артады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада көліктер қозғалысы үшін біржақты көшелердің санын арттыруға қатысты ұсыныс түсті. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
«Қала орталығында тағы біржақты көше болады. Бұл автокөліктер қозғалысының жақсаруына әсер етеді. Әрине, шешім қоғамдық талқылау арқылы қабылданады. Мысалы, желілік саябақ айналасындағы көшелерді біржақты ету туралы ұсыныс бар. Бірақ, бұл мәселе талқыланып, қала тұрғындарының келісімімен шешіледі», - деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Дегенмен елорда әкімі нақты қай көшелерге біржақты қозғалыс енгізілетінін атамады.
Бұған дейін Ж. Қасымбек LRT желісінің құрылысы қай деңгейде жүріп жатқанына тоқталып өткен еді.
Одан бөлек, әкім Астанада бірнеше жыл бойы шешімін таппай келе жатқан Талдыкөл маңындағы құрылыс жұмыстарына қатысты түсінік берді.