Елордада бүгін екінші ауысымдағы мектеп оқушылары да онлайн оқиды
Астанада күннің суытуына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Kazinform.
«2023 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстыралады» делінген Астана қаласы әкімдігі білім беру басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары да қашықтан оқитыны мәлім болған.