Елордада Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне арналған шаралар өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Қалалық Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару отрядының қызметкерлері «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандары ТЖ бөлімдерімен бірге № 19, 59, 60, 66, 73 мектеп оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді.
Құтқарушылар балаларды Азаматтық қорғаудың Халықаралық мекемесінің тарихымен таныстырып, Қазақстандағы ТЖ қызметтерінің құрылуы жайында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, экскурсия шеңберінде оқушыларға құтқару техникасы мен құрылғылары көрсетіліп, оларды қолдану аясы жайында түсінік берілді. Балалар сүңгуіршінің суға сүңгуін, жедел көліктерге мініп көріп, киналогтардың иттерімен танысты. Экскурсия балалар үшін өте қызықты өтті. Олар қызықтырған сұрақтарын қойып отырды. Іс-шара аяқталған соң, қонақтар құтқарушыларға қызықты іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, мерекелерімен құттықтады.
Жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді. Атаулы дата 1992 жылы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен белгіленді. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу кез келген мемлекеттің басты функцияларының бірі деуге болады. Азаматтық қорғаныс мемлекеттің қауіпсіздігін қалыптастыруға елеулі үлесін қосады.