Елордада «Бүкіләлемдік кеден одағының деректер базасының моделі» атты тақырыпта семинар өтуде
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Елордада Бүкіләлемдік кеден одағының аумақтық оқу орталығында «Бүкіләлемдік кеден одағының деректер базасының моделі» атты тақырыпта семинар өтуде.
Жиынға қатысушылардың мәлімдеулерінше, аталмыш шара кеден жүйесі мен кедендік процедуралардың Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Бүкіләлемдік кеден одағының жетекші талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде аталмыш талаптар тәуекелге негізделген кедендік бақылаудың жаңа жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Осы мақсатқа толық қол жеткізу үшін кедендік процедураларды және кедендік әкімшіліктерге жіберілетін деректерді автоматтандыру шарасын іске асыру қажет», деп есептейді жиынға қатысушылар.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар қазіргі таңда Бүкіләлемдік кеден одағының деректер моделі кедендік шекара арқылы өтетін тауарлардың формальды процедуралардан өту кезінде кеден қызметіне арналған стандартталған және келісілген комплектілерді және стандартты хабарламаларды ұсынуда барлық мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай тудырады деген байламға келіп отыр. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден қызметі құқықтық негіздер, ақпаратты жинау мен оны сараптау, тәуекелдерді салалар бойынша басқару және тәуекелдердің өлшемін жаңарту мен оларды талдау шараларын жүзеге асырады.