Елордада Бурабай мен Қошқарбаев көшелері жол жөндеуге жабылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада екі көше 12 күнге жол жөндеуге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат 109 қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Бурабай көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 4-15 мамыр аралығында Абылай хан даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысына толығымен тыйым салынады. Бұдан бөлек, №71 және 73 автобустарының жүру бағыты өзгереді.

Сондай-ақ Р.Қошқарбаев даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 4-15 мамыр аралығында М.Жұмабаев даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс жағдайларын болдырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.


Соңғы жаңалықтар