Елордада бұршақ жауып, жел соғады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30 тамызда елордада найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ескертудің ықтималдығы 85-90 %.