23:14, 22 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Елордада «Bus Lane» жолағы тағы бір көшеге енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 25 қыркүйектен бастап Мұхамедханов көшесінде Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін «Bus Lane» жолағы іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл өзгеріс осы учаскеде үлкен сұранысқа ие 2 бағдардың (№45 және 56 маршруты) қозғалысына септігін тигізеді. Осылайша жалпы саны 25 автобустың жүрісі жылдамдайды. Күн сайын осы бағыттармен 16 мыңнан астам жолаушы жүреді.
Қоғамдық көліктен бөлек, «Bus Lane» арқылы жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы қозғала алады. Нәтижесінде олардың келу уақытын едәуір қысқартты.
Айта кетейік, Мұхамедханов көшесінде бөлінген жолақтың енгізілуін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласында «Bus Lane» жобасы ұзындығы 73,6 км болатын 26 жол учаскесінде жүзеге асырылуда.
Көлік жүргізушілері осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.