Елордада Bus-шақырым тарифін енгізу мәселесі талқыланып жатыр
«Bus-шақырымды енгізуден ешкім бас тартып, міндеттемеден жалтарып отырған жоқ. Яғни, бұл келесі кезең саналады. Дегенмен, ол жолаушылар тасымалы ағынын, түсетін қаражат көлемін анықтағаннан кейін ғана енгізілуі мүмкін. Bus-шақырымды біз ағымдағы жылы тыңғылықты қарастырып, Қоғамдық кеңеске шығарып талқылаймыз деп ойлаймын», - деді ол.
Әкім орынбасарының айтуынша, елорданың қоғамдық көліктерінде сараланған тариф енгізу мәселесі жан-жақты пысықталып жатыр. Ол Bus-шақырым тарифін енгізуге барлық тұғырнама дайындаудың бірінші кезеңі саналады.
«Біз Bus-шақырым келесі кезең екенін түсінеміз және ол тасымал тиімділігін арттыра түсетін болады. Автобус паркі үшін қанша жолаушы тасымалдағаны маңызды болмайды. Олар А нүктесінен В жүктесіне кестені ешқандай бұзушылықсыз жетіп, сол үшін белгіленген тариф бойынша төлем алуы қажет. Ал ол тариф электронды төлем енгізумен қатысты мәселерді толық аяқтағаннан кейін белгілі болады. Содан кейін төленетін нақты субсидия тізілімін анықтаймыз. Бұл цифрды біздің жұмысымыздың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңында аламыз деп ойлаймын», - деді Сергей Хорошун.
Айта кетейік, Астананың Қоғамдық кеңесі қоғамдық көліктегі тарифтер бойынша тыңдаулар өткізіп жатыр. Тыңдау барысында «Астана LRT» ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов қоғамдық көлікте жол жүру құны көлік картасымен төлеу кезінде 90 теңгені құрайтындығын, ал қоғамдық көлікті жиі пайдаланбайтын немесе карта алуды қажетсінбейтіндер үшін жол жүру құны 180 теңге болатындығын айтты.