Елордада Challenger ATP PRESIDENT'S CUP сериялы халықаралық турнир басталды
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордада жүлде қоры 125 мың АҚШ долларын құрайтын Challenger ATP PRESIDENT'S CUP сериялы халықаралық турнир басталды. Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Дәулет» ұлттық теннис орталығында басталған байрақты бәсеке 7 қарашаға дейін жалғасады. Жеке разрядтағы жартылай финал мен жұптық разрядтағы финал 6 қарашада, ал жеке разрядтағы ақтық бәсеке ойындары 7 қарашада өтеді.