Елордада «Connect Kazakhstan-2012» көрме конференциясы өтеді

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат -  21 мамырда Елордада «Connect Kazakhstan-2012» көрме конференциясы өтеді.

Елордада «Connect Kazakhstan-2012» көрме конференциясы өтеді

5-ші Астана экономикалық форумы аясында өтетін шараға ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев қатысады. Іс-шара бағдарламасында «Connect Ideas» және «Connect Digital» атты 2 конференция мен  «Connect EXPO» көрмесін өткізу көзделіп отыр.