Елордада «CrossFit Astana Bolashak Cup 2016» көпсайысы өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Қажымұқан атындағы Орталық стадионында «CrossFit Astana Bolashak Cup 2016» функционалды көпсайыстан екінші қазақстандық ойындар өтіп жатыр.

Елордада «CrossFit Astana Bolashak Cup 2016» көпсайысы өтуде

«Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан спорттық шараның ашылу рәсіміне еліміздің Ұлттық экономика министрі Қуаныш Бишімбаев пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

null  

«Бүгінде спорт барлық қазақстандықтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Мемлекет басшысы да елімізде бұқаралық спортты дамытудың, экономикада ғана емес спортта да жетістіктерге жетудің маңыздылығын бірнеше мәрте айтқан еді», - деді салтанатты шарада сөз сөйлеген Қ.Бишімбаев.

null  

Сонымен осы жылы «Болашақ» қауымдастығы, «Самұрық-Энерго» АҚ, «CVL» ЖШС, «Даму» қоры, «Reebok» компаниясы және Назарбаев Университеті түлектері қауымдастығы командасы жүлделі орындар үшін бақ сынауда. Сайыс ескек есу, сендбэгтерді арбамен жеке және ауысып тасу кезеңдерінен тұрады. 

Бірінші орын алған командаға 600 мың, екінші орынға 300 мың және үшінші орынға 180 мың теңге сыйақы беріледі. Мұнан бөлек көрермендер мен жанкүйерлер үшін де бірқатар байқау ұйымдастырылуда. Олардың жеңімпаздарына да жүлделер мен сыйлықтар табысталмақ.

null null null null null null 1