Елордада Д.Назарбаеваның жетекшілігімен өнер фестивалі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-22 маусым күндері елордада «Астана кештері» атты 3-ші халықаралық өнер фестивалі өтеді.
Фестивальдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәдени шара «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаеваның бастамасымен әрі жетекшілігімен ұйымдастырылады.
«Жоба аясында 5 концерт ұйымдастырылып, онда Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Италияның танымал орындаушылары өнер көрсетеді. Барлық концерттер life форматында өтеді. Бұл жоба қайырымдылық шарасы болғандықтан барлық билеттер тегін таратылады», - делінген хабарламада.
Концерттер Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Астана Опера» театрының залында өтеді.