Елордада «Дағдарысқа қарсы саясатты пысықтауға және іске асыруға бизнестің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 7-сінде Астанадағы «RIXOS» қонақүйінде «Дағдарысқа қарсы саясатты пысықтауға және іске асыруға бизнестің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді,

Елордада «Дағдарысқа қарсы саясатты пысықтауға және іске асыруға бизнестің қатысуы» тақырыбында дөңгелек  үстел өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Атамекен» одағына сілтеме жасап. Аталмыш басқосуды Ресей, Украина және Қазақстан іскер топ өкілдерінің бастамашылығымен «Атамекен» одағы ұлттық-экономикалық палатасы ұйымдастырып отыр. Дөңгелек үстел басындағы кеңесте Қазақстанның дағдарысқа қарсы іс-қимылдарының сәтті тәжірибесін ТМД елдерінде, алдымен Ресейде дамыту мәселесі қарастырылмақ. Қазақстанға Ресей мен Украинаның іскер топ өкілдері, сарапшылар, саясаткерлер келеді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар қабылданып, 2009 жылғы сәуірдің 9-ында Мәскеуде баспасөз мәслихатын өткізу жоспарланып отыр.