Елордада дәмхана асынан он адам уланды

АСТАНА. KAZINFORM — Астан уланған науқастар ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы — орташа ауыр қалыпта.

хоспис
Фото: Александр Павский/Kazinform

Әлеуметтік желіде елордадағы «Көктем» дәмханасында ас ішкеннен кейін өзін жайсыз сезінгені жайлы жазбалар тарады. Істің мән-жайын елорданың денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді.

— Қалалық инфекциялық орталығының қабылдау бөліміне астан уланған жедел гастроэнтерит диагнозымен 10 науқас жүгінді. Оның ішінде 9 науқас қажетті тексерулер мен медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылды, 1 науқас ауруханаға жатудан бас тартып, амбулаториялық емдеу бойынша тиісті ұсыныстар алып, үйіне жіберілді, — деген жауап алдық басқармадан.

Қазір пациенттердің жағдайы — орташа ауыр қалыпта.

— Олар мамандардың бақылауында, тиісті ем алып жатыр, — делінген бізге келген хабарламада.

Еске салсақ, өткен жылы СҚО-да бір отбасы астан уланып, 2 бала қайтыс болды

Жыл басында Маңғыстау облысына қарасты Қызылсай ауылында балабақшада балалар астан уланды. 

Сондай-ақ Түркістанда суши жеген 22 тұрғын уланып қалғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар