Елордада дәнекерлеуші екінші қабаттан құлады
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Астанада жұмысшы екінші қабаттан құлады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Елорданың Алматы ауданында жөндеу жұмыстары кезінде 46 жастағы дәнекерлеуші 2-ші қабаттан құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.