Елордада дәрі-дәрмектің 200 атауына баға тұрақты ұсталуда - әкім орынбасары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада дәрі-дәрмектің 200 атауына баға тұрақты ұсталуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті
None
None

Оның айтуынша, қазіргі кезде дәріханалардың бөлшек желілерінде бағаның мониторингісі жүргізілуде. Бұл тұрғыда инфляциялық таргеттеуге дейінгі деңгейдегі бағамен маңызды дәрілердің бағасын ұстап тұру туралы тиісті келісімдер жасалды.

«Меморандумдар бекітілгеннен кейін және күн сайын бағаға жасалатын монитринг барысында көтерме нарықта дәрі-дәрмек құнының біртіндеп арзандауы, cондай-ақ бағасы белгілі бір деңгейде өскен дәрілердің азайғандығы байқалды», - деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар А. Лукин көтерме дистрибьюторлардың деректеріне сүйене отырып, отандық өндірушілердің дәрілік препараттарына бағаның артуы болмайтынығын атап өтті.

«Ал импорттық препараттарға тоқталатын болсам, көтерме дистрибьюторлар шет елдік өндіруші зауыттармен келіссөздер жүргізуде. Сондықтан да барлығы бекітілген меморандумдардың аясында шектен аспайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар