Елордада «Дарыннан да мықты» атты көрме ашылды

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Ресей ғылым және мәдениет орталығында Қостанай облысы Лисаков қаласындағы Балалар көркемөнер мектебінің 30 жылдығына арналған «Дарыннан да мықты» атты көрме ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Біздің қала Қазақстан картасындағы ең кішкентайларының бірі. Оның 40 мыңнан астам халқы бар. Бұл қала негізінен «Арай» өнімімен танымал. Дегенмен, бізде әртүрлі саладағы шығармашыл адамдар өте көп. Міне, бүгін біз сол салалардың бірін ұсынып отырмыз», - деді көрменің ашылуында аталмыш мектептің оқу ісінің меңгерушісі Светлана Бурцева.Көрмеге осы мектеп ұстаздарының, 6 мен 17 жас аралығындағы оқушылардың өнер, кескіндеме, сәулет өнері, графика, сән өнері, компьютерлік және кескіндеме дизайны саласындағы 150-ден астам жұмысы қойылған.
Соңғы жаңалықтар