Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 13 және 14 маусым күндері өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 13 және 14 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада 300-ге жуық жас спортшы бұқаралық жүгіруге қатысқанын хабарлаған едік.