Елордада демалыс күндері ауа температурасы біршама төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Метеорологтардың болжамынша, демалыс күндері елордада ауа температурасы біршама төмендейді, аздап қар жауып, боран соғады.

Елордада демалыс күндері ауа температурасы біршама төмендейді

Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Бүгін күн ала бұлтты, түнде аздап қар жауады, боран болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -10-12°С, күндіз -5-7°С.

Ертең, 2 наурызда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -15-17°С, күндіз -6-8°С.

Дүйсенбі күні, 3 наурызда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 18-20°С, күндіз -7;-9°С.