Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы демалыс күндері елордалық театрлар көрермендерге танымал спектакльдар мен премьералық қойылымдар ұсынады. Тиісінше карантин шектеулері мен санитарлық нормалар сақталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

Елордада Қуыршақ театры 6 ақпанда сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де жас көрермендерді Т.Хасанғалиеваның «Қыс туралы ертегі» ертегісіне шақырады.
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры осы сенбі және жексенбі күндері «Народная кадриль» лирикалық комедиясын ұсынады. Қойылым сағат 18:00-де басталады.

6 ақпан күні сағат 16:00 және 19:00-де NOMAD City Hall-да Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» драмасы көрсетіледі.

Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.