Елордада демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (20-21 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл күндері автобустарға залалсыздандару жұмыстары жүргізіледі. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады.
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды залалсыздандыр жұмыстары қолға алынады.
Айта кете кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Онда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша бірқатар шектеулер шаралары қабылданған еді .