Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

Демалыс күнгі жәрмеңкелер елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі мұнда бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті нарықтан төмен бағамен сатып алуға болады.

Есіл ауданында Сауран көшесі 7-үйдің жанында 17 сәуірден бастап демалыс күнгі жәрмеңке өткізу қолға алынды.

15 мамырдан бастап Сарыарқа ауданында Қосшығұлұлы көшесі 14-үйдің жанында осындай жәрмеңке өткізіледі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, тұрғындар үшін азық-түлік өніміне қолжетімділікті қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру мақсатында өткізіледі.

Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды облыстарының елордаға жақын аудандарынан шыққан отандық тауар өндірушілер, шаруа және фермерлік қожалықтар, сондай-ақ, қаланың жеке кәсіпкерлері қатысады.

Алдағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан «Мәкенова» ЖК, «Кулкатово» ЖК, Қарағанды облысынан «Асхат» ет шаруа қожалығы, Петропавлдан «Панченко» ЖК кондитерлік өнімдері, «Роза» ЖК шұжық өнімдері әкелінеді.