Елордада «Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында форум өтіп жатыр

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -Елордада«Денсаулық сақтау саласындағы иннновациялық технологиялар» тақырыбында форум өтіп жатыр,

Елордада «Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында  форум өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форумның мақсаты - дәрігерлердің, емдік-диагностикалық үдерістер жұмысын жақсарту үшін денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде инновациялық технологиялар, оның ішінде ІТ технологиялар бағытындағы шешімдерді көрсету, елімізде тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру үшін қазіргі заманғы мәліметтермен алмасу желісін құру. Инновацияның денсаулық сақтау саласында маңызы жоғары екеніне тоқталған «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы Алмаз Шарман, осы орайда холдинг қазіргі заманғы медициналық технологияларды дамытуға инвестиция салуды жалғастыратынын, сондай-ақ ақпараттық технологияларды енгізу, медициналық білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бүгінде басым бағыттар ретінде ескеріліп отырғандығын айтып өтті. Жиын барысында мәлім болғанындай, 2015 жылға қарай денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру шаралары аяқталады. Сондай-ақ бүгінде халықтың электрондық медициналық картотекасын құру бойынша жұмыстар басталмақ. Форумды «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ мен Microsoft Қазақстан компаниясы ұйымдастырып отыр.