19:40, 08 Қараша 2011 | GMT +5
Елордада «Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс- қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының прокуратурасы денсаулық сақтау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау аясында «Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді,
деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бапасөз мәліметтеріне қарағанда, дөңгелек үстелде перинаталдық саладағы проблемалар, сапасыз медициналық қызмет көрсету деректері бойынша медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту тәртібі мен негіздері және тағы басқа да медицина саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланады. Шараға Астана қалалық Ішкі істер департаменті, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, Тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы, Сот медицинасы орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының өкілдері қатысады деп күтілуде.