Елордада «Дерматокосметология және дерматовенерологияның жастық аспектілері» ІІІ ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2-3 маусымда Астанада («Думан» қонақ үй кешені) әлемнің 12 елінің үздік мамандарының қатысумен Дерматологтар, косметологтар және эстетикалық медицина мамандарының ІІ Еуразиялық конгресі және «Дерматокосметология және дерматовенерологияның жастық аспектілері» ІІІ ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыруда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференцияға Израиль дерматохирургия қоғамының президенті Tz. Shelkovitz (MD); халықаралық жаттықтырушы-медициналық этика және мезотерапия израильдық қоғмының консультанты С. Корман (MD); Словакия эстетикалық медицина қоғамының президенті Х. Зеленкова (PhD, Германия); тері және дерматокосметология орталығының өкілі С. Шарма (PhD, Үндістан); лепронауқастарға көмек неміс ұйымының мүшесі Р. Драбик; РФ медициналық-техникалық академиясының академигі С. Шеповаленко; Грузия дерматология және венерология ғылыми-зерттеу институтыың ғылыми және оқу бөлімі бойынша директоры Т. Китуашвили, ВмедА С-Петербург тері және венериялық аурулар кафедрасының меңгерушісі профессор А.В. Самцова; профессор, Лепраны зерделеу жөніндегі ҒЗИ директоры В.В. Дуйко және басқа да қонақтар қатысты.
Конференциялар республика халқына дерматологиялық көмектің сапасын арттыру мақсатында өткізілді. Жиын шеңберінде шеберлік-сыныптары, тақырыптық сателлиттік симпозиумдар ұйымдастырылды. Қазақстанның дерматовенерология, дерматокосметология, аллергология, урология практикалық дәрігерлері, акушер-гинекологтар, педиатрлар, жақын және алыс шетелдер үздік клиникалардың жұмыс тәжірибесімен, дерматовенерологиялық және косметологиялық бейін пациенттерін, терісінің эстетикалық кемшілігі бар пациенттерді емдеу және оңалтудың инновациялық әдістемелерімен танысты.
Жиын аясында «Қазақстан Республикасында дерматовенерологиялық және косметологиялық қызметті жетілдіру тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шаралардың өзектілігі дерматовенерологиялық аурулардың таралушылығымен, олардың созылмалы ағымымен, кейбір жағдайда мүгедектікке әкелетін жағдайларымен (псориаз, меланома, лепра, мерез), инновациялық, жоғары технологиялық емдеу әдістерімен, қолданылатын түзету әдістемелердің қажеттілігімен және күрделілігімен түсіндіріледі.