Елордада діни экстремизмді насихаттауға қарсы әрекеттер талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан Республикасы Лаңкестікке қарсы орталығының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Елордада діни экстремизмді насихаттауға қарсы әрекеттер талқыланды

Жиынға ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров пен 32 мемлекеттік органның басшылары қатысты.

«Отырыста интернет-кеңістікте лаңкестік пен діни экстремизмді насихаттауға қарсы әрекет ету, сондай-ақ лаңкестікке қарсы бөлімшелердің техникалық жағдайы туралы мәселелер қаралды. ҚР ЛҚО басшысы - ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев орталық құрамына кіретін барлық министрліктер мен ведомстволардың мемлекеттің лаңкестікке қарсы саясатын іске асыруда бірлесіп жүйелі жұмыс істеуі қажеттілігін атап өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды»,- делінген хабарламада.