Елордада диструктивті секталардың ықпалына ұшыраған адамдармен жұмыс жасайтын орталық ашылады

күйектің 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада диструктивті секталардың ықпалына ұшыраған адамдармен жұмыс жасайтын орталық ашылады. Бұл туралы бүгін елордада аталған мәселеге байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды,

Елордада диструктивті секталардың ықпалына ұшыраған адамдармен жұмыс жасайтын орталық ашылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз ортақ мақсатта жұмыс істеуге тырысамыз. Атап айтқанда, жұртшылыққа диструктивті секталардың ролі жайында жеткізбекпіз. Қазақстанда диструктивті секталардан зардап шеккендерге көмек көрсетететін орталықтар қызмет жасап жатыр. Енді Астанада қыркүйектің 21-інен бастап диструктивті секталардың ықпалына ұшыраған адамдармен жұмыс жасайтын орталық ашылады»,- деді аталған орталықтың директоры Арман Тәңірбергенов.

Оның сөзіне қарағанда, орталықта мамандандырылған заңгерлер, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді.

«Бүгінде секталар тарапынан туындайтын қатерді адамдар толық түсініп жатқан жоқ. Мәселен, көшеде бейтаныс адамдар насихаттық кітаптарды таратып, дінге деген көзкарасты өзгертуге тырысып жатады. Оның ішінде дәстүрлі емес діндер де бар. Олар өздерінің мүддесін насихаттап, жеке пайдасына жұмыс істейді»,-деді А Тәңірбергенов

Секталардың ықпалынан зардап шеккен адамдарды осы орталыққа тиісті көмек алу үшін шақырған ол, «біздің орталықта жұртшылыққа ақпараттық, психологиялық, заңгерлік кеңестер береміз»,-деді.