Елордада донорлық қан тапсыру акциясы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары спорт шеберлігі мамандандырылғын мектебінің» 30 өкілі мен «Қазақстан» спорт кешенінің қызметкерлері донорлық қан тапсыру шарасына қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы Спорт, туризм және дене шынықтыру басқармасы.
None
None

Астана әкімі ресми сайтының хабарлауынша, қазіргі таңда Қазақстанда донорлық қан тапсырушылар саны көбейгені байқалады. Орташа есеппен алғанда жылына 220 мың адам донорлық қан тапсырады, бұл республика бойынша 284 мың донацияны құрайды.

Халықаралық эксперттік ұйымдардың мәліметінше әр мемлекет қан компонентін қамтамасыз ету үшін халқының 1% донорлақ қан тапсыруға қатысулары керек. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,7-ге тең болса, Астана қаласында 5,4-ке тең. Бұл Астанадағы донорлықтың даму деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар