Елордада «Допинг» кең ауқымды жедел алдын алу операциясының бірінші кезеңі басталды

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеше елордада «Допинг» кең ауқымды жедел алдын алу операциясының бірінші кезеңі басталды.

Елордада «Допинг» кең ауқымды жедел алдын алу операциясының бірінші кезеңі басталды

Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД мемлекеттік тіл ақпарат бөлімі таратып отыр.

Аталған шара барысында есірткілік және психотроптық заттарды алу, сақтау, тіркеу, пайдалану және жою ережелерінің бұзылу фактілері анықталып, оның жолын кесу мақсатында медициналық мекемелер мен дәріханалар тексерілмек.

2010 жылдың басынан бері елорда аумағында 49 қылмыстық іс қозғалса, соның 5-еуі есірткі заттарын сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты болып отыр. Осы уақыт аралығында айналымнан 65 келі 177 грамм есірткі заттары алынса, оның 1 келі 50 грамы есірткінің ең ауыр түрі героинге тиесілі. Сондай-ақ жыл басынан бері «Рубеж» бекеттерінде есірткіні заңсыз тасымалдауға қатысты 25 іс анықталып, 4 адам қылмыстық, ал 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәркіленген есірткі көлемі 54 келіні құрайды.