Елордада Дүниежүзілік көшпенділер ойынын ұйымдастыратын комитет құрамы бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «2024 жылғы 8-14 қыркүйекте Астана қаласындағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжатта жазылғандай, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мына лауазымдағы тұлғалар енеді:
- Премьер-Министрдің орынбасары, төраға;
- Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары;
- Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары;
- Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, хатшы;
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
- Президент Іс басқарушысының орынбасары (келісім бойынша);
- Сыртқы істер министрінің орынбасары;
- Ішкі істер министрінің орынбасары;
- Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
- Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
- Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
- Денсаулық сақтау вице-министрі;
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;
- Қаржы вице-министрі;
- Мәдениет және спорт вице-министрі;
- Оқу-ағарту вице-министрі;
- Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі;
- Ұлттық экономика вице-министрі;
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
- Астана, Алматы және Шымкен қалалары мен 17 облыс әкімінің орынбасарлары;
- Үкімет Аппараты Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі
- «ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директор (келісім бойынша);
- «Еуразиялық топ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Еске салайық, биыл ақпанда Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын келесі жылы жоғары деңгейде өткізуді тапсырған еді.