Елордада «е-ПИК» жобасы енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде қаладағы 436 пәтер иелері кооператві (ПИК) мен қызмет көрсетуші ұйымдардың 260-і «е-ПИК» жобасы аясындағы жүйелерге қосылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы «Astana Innovations» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
None
None

«Қаланың үш ауданы бойынша бес компанияның арасында 436 ПИК тең бөлінді. Жобаны қалаға енгізу екі кезеңмен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Бірінші кезеңде ПИК және басқарушы компаниялармен бастапқы танысу, жүйені қолдану ережесі, жүйе мен порталда жаңа пайдаланушыларды тіркеу, ПИК-ке анықтамалық материалдарды тарату, байланыс орнату және басқа да жұмыс түрлері жүргізіледі.

Екінші кезеңде жобаға ПИК-ке қарасты тұрғындар тартылады, тұрғындарға ақпараттық хабарламалар тарату (хабарлама, парақша, баннер, флаерлер), ПИК-тер мен басқарушы компания өкілдерінің қатысуымен тұрғындар жиналысын өткізу.

Бұған қоса «Astana Innovations» АҚ е-ПИК жобасының артықшылықтарын айтып берді.

«Бұл ПИК-ке өтінімді ұялы телефон арқылы беруге мүмкіндік береді. Тапсырыс өзіңізге қызмет көрсететін ПИК-ке міндетті түрде жетеді, өтінім бойынша қандай да бір өзгеріс болса ол туралы хабарлама аласыз. Ең соңында жұмыс нәтижесі бойынша жұмыстың сапасын бағалай аласыз. Жеке кабинетте қолданушы ПИК-тің барлық шоты мен барлық хабарламалармен таныса аласыз», - деді компания өкілдері.

Осылайша «е-ПИК» жобасы тұрғындар мен ПИК арасындағы өзара байланысты жақсартуға бағытталған. Портал арқылы көппәтерлі үйлердің тұрғындары кез келген уақытта және қалаған жерде ПИК-тің қызметіне жүгіне алады әрі оның өтінімі қараусыз қалмайды.

Айта кетейік, биыл «Астана Innovations» АҚ қалалық тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп, «Смарт Астана - ақылды қала» үлкен жобасы аясында әзірленген «е-ПИК» жобасын жүзеге асыра бастады.

Соңғы жаңалықтар