Елордада Egov цифрлық бұрыштары мемлекеттік ұйымдарда іске қосылды

Мұндай бұрыштарда компьютері немесе интернетке кіру мүмкіндігі жоқ азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн ала алады. Қызмет алушылардың сұрақтары туындаған жағдайда, бұрыштардың жанында Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оларға кеңес бере алады.
Бұрыштар аудандық әкімдіктердің, мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында, «Жанұя» отбасын қолдау орталығында және «Сарыарқа» СОО аумағында орналасқан. Бұл тұрғындардың көпшілігін электрондық мемлекеттік қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді және ХҚКО жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына жүгінушілердің жүктемесін азайтады.
«Біздің цифрлық бұрыштарымыз ХҚкО-ларда адамдардың көптеп жиналуын болдырмау үшін жасалынған. Пандемия жағдайында, клиенттерді қабылдау тек брон арқылы жүзеге асырылатын болса, Egov цифрлық бұрыштары қандай да бір себептермен компьютерге кіре алмайтын адамдарға мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі. Бұл өте ыңғайлы. Сонымен қатар, қазір жоғары оқу орындарына түсу кезеңі. Сондықтан біз жоғары оқу орындарының аумағында цифрлық бұрыштарды іске қосуды да жоспарлап отырмыз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының елордалық филиалының директоры Мәди Саданов.
Нұр-Cұлтан қаласындағы egov бұрыштарының мекенжайлары:
«Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ, Қабанбай батыр даңғылы, 33
«Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ, Тәуелсіздік даңғылы, 7
«Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» ММ, Отырар к-сі, 5
«Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ, Сарыарқа даңғылы, 13
Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Қабанбай батыр даңғылы, 33
Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Ахмет Жұбанов к-сі, 16
Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Шәкен Айманов к-сі, 6
Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Республика даңғылы, 52
«Жанұя» отбасын қолдау орталығы «Marden» БО, Бейбітшілік, 14
«Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығы, Тұран даңғылы,24, 2 қабат