Елордада екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан аялдамада тұрған екі әйел қаза тапты
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат - Елордада Мәскеу және Сарыарқа көшелерінің қиылысында «Тойота» және «Фольксваген» көліктері соқтығысып қалып, екі көлік те үлкен екпінмен барып автобус аялдамасын соққан,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жол апаты жексенбі күні сағат 16.11-де болды. Оқиға салдарынан, аялдамада тұрған екі адам - 72 және 45 жастағы әйелдер - оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.