Елордада екі бағыттағы жол ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының жақсаруына байланысты елордада екі бағыттағы жол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Сағат 17.15-те Нұр-Сұлтан-Қорғалжын тасжолы автокөліктің барлық түрі үшін ашылды.
Сондай-ақ, сағат 18.00-ден бастап көліктерге «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау қаласы» автожолымен де жүруге рұқсат етілді.
Еске сала кетсек, ТЖМ жолдардың жабылуына байланысты жедел байланыс желісін ашты.