Елордада екі көше 31 шілдеге дейін жартылай жабылады

НҰР СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Арнасай және Жаңа әуежай көшелері 31 шілдеге дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада екі көше 31 шілдеге дейін жартылай жабылады

Орташа жөндеу аясында Арнасай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Жаңа әуежай көшесіне дейін жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ Жаңа әуежай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Арнасай көшесіне дейінгі учаскеде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 22-31 шілде аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарлануда.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.