Елордада екі жасар бала 5-ші қабаттағы терезеден құлап кетті
«Бүгін сағат 16.00-де полицияға бесінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен 2 жасар баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бүлдіршін терезе торына сүйенемін деп төмен құлаған. Бала ауыр жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген хабарламада.
Өткен жылы Астанада осыған ұқсас 16 жағдай тіркелді.
«Терезеден құлау балалардың жарақат алуының негізгі себебіне айналуда. Көп жағдайда жазатайым оқиғалар шыбын-шіркейден қорғайтын осы торларға байланысты орын алады. Олар балаларды құлаудан қорғай алмайды! Москитті торға сүйенген бала, онымен бірге жерге құлайды», - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін терезеге бала өздігімен аша алмайтын бұғаттауыштар орнату қажет. Бұдан басқа, жиһаздарды да терезеден алысырақ қойған жөн.