10:30, 17 Сәуір 2023 | GMT +5
Елордада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері онлайн оқитын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері сабақты қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«2023 жылдың 17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады» делінген хабарламада.