11:30, 22 Қаңтар 2020 | GMT +5
Елордада екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында екінші ауысым оқушыларына сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«22 қаңтар күні ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген қалалық Білім басқармасының ақпаратында.
Еске салайық, синоптиктер 22-23 қаңтар күндері елордада ауа райы бұзылатыны жөнінде ескерткен болатын.